Қазақстан
1 мин оқу 5,791

Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енді

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың әлеуметтік желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.</p>

«Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді», деп жазды Руслан Желдібай.

Оның айтуынша, Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді.

«Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс», делінген жазбада.

Бөлісу:
Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар