Қоғам
1 мин оқу 230

«Эйр Астана» компаниясына 21 миллион теңге айыппұл салынды

<p style="text-align: justify;">Азаматтық авиация комитеті Air Astana әуе компаниясына жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін 21 миллион теңгеден астам айыппұл салды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«2022 жылдың 16 шілдесінде «Эйр Астана» әуе компаниясының Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы КС-853 рейсі резервтегі ұшатын экипаждың күтуіне байланысты 27 сағат 21 минутқа кешігуі анықталды. Жолаушыларға қолданыстағы заңнамада көзделген қызметтер, атап айтқанда, қонақүйде тұру ұсынылмаған. 6 қыркүйекте әуе компаниясына тағы бір айыппұл салынды - 1 000 АЕК (3 063 000 теңге)», деді ведомстводан.

Шілде айынан бастап әуекомпаниясына қазірдің өзінде жеті рет жалпы сомасы 7 000 АЕК (21 441 000 теңге) айыппұл салынды.

Бөлісу:
«Эйр Астана» компаниясына 21 миллион теңге айыппұл салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар