Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.kazhydromet.kz/ru/storm" target="_blank" rel="noopener noreferrer">«Қазгидромет»</a> сайтына сілтеме жасап.</p>
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-батысында 3 градус үсік жүреді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Оралда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 18 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағандыда түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.
Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік түседі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жезқазғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыс жел түнде облыс орталығында 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыс орталығында екпіні 23 м/с жетеді.
Қызылордада күндіз шаңды дауыл болады деп күтіледі. Күндіз шығыстан соққан жел 15-20 м/с жетеді.
Түнде Абай облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді деп күтілуде. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с жел тұрады.
Күндіз батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде батыста, оңтүстікте, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Атырауда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.