Спорт
1 мин оқу 130

Бабаян – бас бапкер

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: .1pt;">Футболдан Қазақстан чемпиона&shy;тының аяқталуына жеті тур қалғанда &laquo;Ас&shy;тана&raquo; клубының бас бапкері ауыс&shy;ты. </span></p>

Бабаян – бас бапкер

Осыған дейін бұл қызметті 49 жастағы сербиялық маман Срджан Благоевич атқарған еді. Енді оның орнына Григорий Бабаян келді. Ол – Қазақстанның тумасы. Жасы 42-де. Кезінде Бабаян еліміздің жасөспірімдер құрамасында ойнады. Кейіннен Германияда шеберлігін шың­дады. 2003-2005 жылдары «Қайрат» пен «Алматы» клубтарының жейдесін киді. Көп ұзамай жаттықтырушылық кәсіпті таңдап, «Астана» мен Қостанайдың «Тобылында» бас бапкердің көмекшісі болды. Соңғы уақытта Мәскеудің ЦСКА-сында біраз еңбек етті.

Бөлісу:
Бабаян – бас бапкер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар