Спорт
1 мин оқу 400

Жолдастық кездесу өткізеді

<p class="2018-" style="text-align: justify;">19-20 қыркүйек күндері Ақтаудағы &laquo;Халық Аренада&raquo; Қазақстанның ұлттық құрамасы Әзербайжанның футзалшыларымен жолдастық кездесу өткізеді.</p>

Жолдастық кездесу өткізеді

Қазіргі кезде дәл сол Каспий теңізінің жағалауында біздің жігіттер оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Командамыздың бас бапкері Рикардо Кака алдағы бәсекеде мына футзалшыларға сенім артып отыр. Қақ­пашылар – Игита, Нарун Серіков («Кайрат»), Ақжол Қайратұлы («Каспий»). Қап­талдағы ойыншылар – Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Эдсон («Қайрат»), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Арнольд Кнауб, Райым­бек Жұма, Жаһангер Рашит («Кас­пий»), Азат Валиуллин, Әбдірасұл Әбді­манапұлы («Аят») және Евгений Кошкин («Астана»).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құра­масы санаулы күндерден кейін 2024 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу тур­ниріне қатысады. Өзінің алғашқы матч­ын жерлестеріміз 8 қазанда өз алаңында Словения құрамасымен өткізеді.

Бөлісу:
Жолдастық кездесу өткізеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар