Қазақстан
1 мин оқу 541

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі ашылды

<p style="text-align: justify;">Бүгін елорданың Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Съездің басты тақырыбы - «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөз сөйледі. Съезде делегация басшылары да сөз сөйлейді деп күтілуде.

Съезд шеңберінде форум форматына енгізілген бірқатар өзекті тақырыптар  талқыланады деп жоспарлануда.

Бөлісу:
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар