Тоқаев рухани көшбасшылар Съезінің басты ерекшелігін атады
<p style="text-align: justify;">Қазіргі әлемдегі күрделі геосаяси жағдайда діни көшбасшылардың елордадағы басқосуы өте маңызды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазіргідей қиын кезеңде дін лидерлерінің бір үстелде кездесуі өте маңызды. Бұл бүкіл адамзатқа ортақ пікірге келіп, кез-келген мәселе бойынша шешім табуға болатындығын көрсетеді. Менің ойымша, Съездің басты миссиясы мен ерекшелігі нақ осында», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі өтуде.
VII Съездің басты тақырыбы - пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі.
Діни форумның ерекшелігі - Жоғарғы имам Әл-Азхар Шейх Ахмед ат-Тайебтің, Израильдің Ашкенази раввині Давид лаудың, Рим Папасы Францисктің Қазақстанға ресми сапарлары.
Рим Папасының Съезге ресми сапары барысында Рим-Католик шіркеуінің латын салтындағы негізгі литургиялық қызмет - ауқымды діни месса өтеді. Мессаға түрлі дін мен конфессия өкілдері қатысады деп күтілуде.