Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 2022 жылдың 14-16 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.kazhydromet.kz/post/1852" target="_blank" rel="noopener noreferrer">«Қазгидромет»</a> РМК-ға сілтеме жасап.</p>
Мамандардың айтуынша, Қазақстанның солтүстік жартысына әлі де солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді.
«Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр сақталады, еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін», делінген хабарламада.
15 қыркүйекке қараған түні шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.
Ел бойынша жел күшейеді деп күтіледі.
15-16 қыркүйек күндері республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста 5 градусқа дейін үсік күтіледі.