Аймақтар
1 мин оқу 210

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар анықталды

<p style="text-align: justify;">Алматыда мемлекеттік және жеке сатып алуға қатысатын инвестициялық компания ретінде жасырылған &laquo;Qazgan inc.&raquo; ЖШС қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы қаласы бойынша ҚМА департаментінің ақпараты бойынша, ұйымдастырушылар сенімгерлік азаматтарға 105 күн ішінде салым сомасынан 5-тен 30 пайызға дейін сыйақы беруге уәде бере отырып, тендерлік жобаларға өз қаражаттарын енгізуді ұсынған.

Департаментте атап өткендей, салымшылардың жалпы саны 100-ден астам адамды құрайды. Қазіргі уақытта қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталуда.

Аталған қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысына қатысты екі айға дейінгі мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Бөлісу:
Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар