Бейбіт Жукаев Ыстанбұл турнирінің ширек финалына жолдама алды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Ыстанбұл челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан теннис федерациясына <a href="https://ktf.kz/ru/press-center/news/?id=7224" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>
Дүниежүзілік рейтингте 357-орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 234-інші, осы жарыстың 8-ші ракеткасы, испаниялық Николас Альварес Варонамен кортқа шықты. Отандасымыз сәтті өнер көрсетіп, 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Бейбіт Жукаев 4 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана алды. Ал оның қарсыласы 4 эйспен ғана көзге түсті.
Енді Бейбіт жартылай финалға шығу үшін әлемнің 108-інші, доданың 2-ші ракеткасы, молдовалық Раду Алботпен шеберлік байқасады.