Турнирді сәтті бастады
<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.2pt;">Словенияның Портороже қаласында жүлде қоры 203 024 еуроны құрайтын халық­аралық турнир басталды. Бұл жа­рыста Елена Рыбакина да бақ сынауда. </span></p>

Қазақстанның бірінші ракеткасы тұсаукесер кездесуінде Лаура Зигемундпен шеберлік байқасты. 34 жастағы Германияның өкілі қазіргі кезде әлемдік рейтингте 173-орынды қанағат тұтуда. Кезінде ол Ролан Гарростың ширек финалында ойнап, ТОП-30 теннисшінің қатарына енген еді. 3 сағат 25 минутқа созылған бұл тартыста Рыбакина 6:7, 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Екінші кезеңде жерлесіміз Тереза Мартинцовамен кездеседі. 27 жастағы чехиялық ойыншы WTA тізімінде 66-орынды иеленген.
Словениядағы турнирде Елена Рыбакинадан бөлек, ұлыбританиялық Эмму Радукану, чехиялық Катержина Синякова, украиналық Леся Цуренко, аустралиялық Айла Томлянович және бразилиялық Беатрис Хаддад-Майя сынды танымал теннисшілер өнер көрсетуде.