Қазақстан
1 мин оқу 310

Бірліктің алтын көпірі

<p style="text-align: justify;">Халықаралық институттардағы дипломатиялық қарым-қатынастардың босаңсуына қарамастан дінаралық байланыстардың маңыздылығын жоғары қоямыз. Ғылыми-технологиялық прогрестің дамуы барысында өркениетаралық қақтығыстардың жөнсіздігі айқын көрінеді.</p>

Бірліктің алтын көпірі

Қазақ жерінде өткен съезге әлемнің түкпір-түк­пірінен көптеген дін өкіл­інің қатысуы олардың бейбітшілікке деген ынтасын, Қазақстанның баянды бай­ланыстың алтын көпірі еке­нін айқындай түсті. Бұл алаңда қатысушылар ой-пі­кірін ортаға салып, ынты­мақтастықтың іргетасын нығай­туға жол ашылмақ. Өзінің сапалық деңгейін арттыра түскен бұл дәстүрлі форум – әлемнің діни-экономикалық және саяси мәселелері ушығып тұрған уақытта мәдениеттер мен өркениеттер арасын жалғап, олардың тіл табысуына, бір-бірімен ымыраға келіп, ынтымақтастығын күшейтуге бағытталған іс-шара. Өткен ке­зеңдерде туындаған ал­мағайып саяси оқиғалар мен діни қырғи-қабақ қақтығыстар, көпконфессиялы қоғамдағы проблемалар әлі күнге дейін өз шешімін күтіп, өзектілігін жоймай келе жатыр. Сол себепті дәстүрлі дін өкілдері бір-бірін жатсынбай, дінаралық диалог алаңын­да өздерін толғандырған мәселелер туралы ортақ ой өрбітуге ниетті.

Қазіргі уақытта Қазақстан дипломатиялық елдердің бірі болып табылып, мәселелерді бейбіт жолмен шешуге барлық мем­ле­кеттерді шақырады. Мұнда ұлтаралық және конфес­сияаралық келісімді нығайту және сақтаудың өзіндік моделі қалыптасты. Әрбір көпұлтты мемлекеттің басты бағыты – өзара түсінушілік пен келісім. Маңызды іс-шарада бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ұсыныс­тар жасалады. Бастысы – өрке­ниет­тер және діндердің арасындағы шиеленісушілік деңгейін төмендетуге әсер ететіні сөзсіз.

Аарон ФРЕНКЕЛЬ,

Еврейлердің Еуразиялық конгресінің вице-президенті

Бөлісу:
Бірліктің алтын көпірі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар