Теннис
1 мин оқу 100
Елена Рыбакина Словениядағы жарыстың ширек финалына өтті
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Порторож (Словения) WTA 250 жарысының ширек финалына өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> теннис федерациясына сілтеме жасап.</p>
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 66-ракеткасы, чехиялық Тереза Мартинцовамен шеберлік байқасты.
Елена Рыбакина бірінші партияда 0:4 есебімен ұтылып жатып, қатарынан алты геймді алды - 6:4. Екінші сетте Елена айқын басымдылық көрсетті - 6:1.
Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 92-ракеткасы, украиналық Леся Цуренкомен кездеседі.
Бөлісу: