Қазақстан
1 мин оқу 262

ЕҚДБ Қазақстанға метан шығарындыларын азайтуға көмектеседі

<p style="text-align: justify;">Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) вице-президенті Алан Пиюмен кездесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кездесу барысында тараптар метан шығарындыларын азайту үшін өзара ынтымақтастық және Қазақстанға қолдау көрсету туралы Меморандумға қол қойды.

ЕҚДБ Қазақстанның энергетика және газ тасымалдау, ауыл шаруашылығы, қатты-тұрмыстық қалдықтар мен су бұру саласындағы негізгі секторларға баса назар аудара отырып, осы бағыттағы күш-жігерді қолдауға ниетті.

Меморандумды іске асыру шеңберінде тараптар метанды азайту саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыруға, сондай-ақ ең үздік халықаралық практика мен стандарттарға сәйкес газдың осы түрін реттеудің жаңа құралдары бойынша мүмкіндіктерді пайдалануды қарауға дайын.

Меморандум елдің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуіне ықпал етеді.

Бөлісу:
ЕҚДБ Қазақстанға метан шығарындыларын азайтуға көмектеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар