Абай облыстық сотының төрағасы тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және Жоғары соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов 13 қыркүйек күнгі ҚР Президентінің қаулысы бойынша тағайындалған Абай облысы сотының жаңа төрағасы - Қайрат Чақпантаевты таныстырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыстың <a href="https://t.me/abai_oblysynyn_akimdigi/1342">баспасөз</a> қызметіне сілтеме жасап.</p>
Қайрат Чақпантаев ШҚО облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының экс-төрағасы. Сот жүйесіндегі еңбек өтілі 25 жыл. Оның ішінде аудандық және соған теңестірілген соттардың төрағасы қызметінде - 18 жыл.
Жиынға құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық және соған теңестірілген соттардың төрағалары, облыстық соттардың судьялары қатысты.