Аймақтар
2 мин оқу 600

Геологиялық музей ашылады

<p style="text-align: justify;">Павлодар география үйі қоғамдық бірлестігінің белсен&shy;ділері болашақ геологиялық музейге жәдігерлер жинау мақсатында өңірде жүргізген арнайы экспедициясын аяқтап қалды. Алдағы уақытта жүздеген минералдар, тау жыныстары мен өзге де пайдалы қазбалардың үлгілерін музейден тамашалауға болады.</p>

Геологиялық музей ашылады

Жалпы, бұл жоба ERG (Еуразиялық Топ) құра­мындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауы­ты мен «Павлодар» ӘКК» АҚ қолдауымен жүзеге асып отырғанын айтып өтейік. Қоғам белсенділері қа­зіргі уақытта жи­налған үлгі­лерді жүйелеуге кірісті. Геоло­гиялық музей Ертістің Пав­лодар өңірінің табиғи байлығын көпшілікке насихаттап, аймақтың шикізаттық әлеуетін паш етпек. Бұл арқылы өңір тұрғындары мен сырттан келетін қонақтар өлкеміз туралы танымын кеңей­тіп, көпшіліктің эколо­гиялық мәде­ниетін арттырады деп күтілуде.

– Музейге қойылатын үлгілерді 2014 жылдан жинай бастаған едік. Осы уақыт ішінде әлемнің әр түк­пірінен 150-ге жуық жәдігерді жи­­нап үлгердік. Одан соң біздің өңір туралы толыққанды экспозиция ұйым­дастыруды мақсат еттік. Павлодар облысында қосымша экспедиция жүргізу керек болды. Ақсу ферроқорытпа зауыты біздің бастамамызды қолдады, – деп атап өтті география үйінің директоры Александр Вервекин.

Бірлестік мүшелері жоспар­лан­ған он экспедицияның тоғы­зын өт­кізді. Аймақтың түрлі кен орындары зерттеліп, халцедон псевдос­та­лак­титтері, кальциттер, кварциттер, дала шпаттары, мүйізалдамыш, мыс көгі, везувиан-пироксениттік родингиттер, ағаш және мүк опалдары, друза және кварц кристалдары жиналды. Май ауданындағы «Қалмаққырылғанның» гранитті алқаптарынан раухтопаз бен флюориттің хрусталь тәрізді өзегінің жарқын және қызықты үлгілері табылды. Арасында лампрофир-порфирит және долерит те бар. Осылайша, болашақ музей жәдігерлерінің жалпы саны қазірде үш жүзден асып отыр.

Жаңа музей алдағы қараша айын­да ашылады деп күтілуде. Айтып өтейік, география үйінде бұған дейін этно­графиялық музей, қоғамдық гео­­гра­фия­лық кітапхана және «Жұр­бай» жас өлкетанушылар клубы құ­рыл­ған.

Павлодар облысы

Бөлісу:
Геологиялық музей ашылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар