Спорт
1 мин оқу 145

Ширек финалға шықты

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Елена Рыба&shy;кина Словенияның Портороже қала&shy;сында өтіп жатқан халықаралық тур&shy;нир&shy;дің ширек финалына шықты.</p>

Ширек финалға шықты

Тұсаукесер кездесуінде германиялық Лау­ра Зигемундтан басым түскен жерлесіміз екінші кезеңде WTA тізімінде 66-орында тұрған 27 жастағы чехиялық Тереза Мар­тин­цовамен кездесті. Бұл бәсекеде Еленаның басым­дығы еш күмән туғызған жоқ. Екі сеттік сайыс 6:4, 6:1 есебімен аяқтал­ды. Енді ол үздіктер тізі­мінде 92-орынды енші­леген Украи­наның ойыншысы Леся Цурен­комен кездеседі.

Ал Түркияның Ыстанбұл қаласындағы «Че­ленджер» турнирінде қазақ теннисшісі Бейбіт Жұ­қаев табысты өнер көрсетуде. Алғашқы айналымда корт қожайыны Женгиз Аксудан айласын асырған ол келесі кезеңде испаниялық Николас Альварес Варонды 6:4, 6:1 есебімен ұтты.

Бөлісу:
Ширек финалға шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар