Әлем
1 мин оқу 304
Қырғызстан Тәжікстанға наразылық нотасын жолдады
<p style="text-align: justify;">Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі ортақ келісімді бұза отырып, қарулы күштер мен ауыр техниканы пайдаланған тәжік тарапына шекаралық және азаматтық нысандарға шабуыл жасағаны үшін наразылық нотасын жолдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қырғыздар атысты тоқтатуды және әскерді кейін шегіндіруді талап етіп, шекарадағы барлық мәселелерді тек саяси және дипломатиялық жолмен шешу керектігін атап өткен.
Еске салсақ, бүгін таңертең тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыстан 11 адам зардап шекті. Олар Баткен облыстық ауруханасына жатқызылған.
Бөлісу: