ШЫҰ әлемдегі ең табысты халықаралық ұйым - Қасым-Жомарт Тоқаев
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ұйымның беделі жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Мен жоғарыда айтқандай, біздің ұйымның идеялық және институционалдық негіздерінде кереғарлық пен блоктарға бөлінушілік жоқ. Бұл ШЫҰ-ның халықаралық беделі мен танымалдығының артуына ықпал етті. Соның арқасында ұйым ең табысты бірлестікке айналды. Сондықтан ШЫҰ үдерісіне қатысатын елдердің географиясы жылдан жылға кеңейіп келеді. Бұл – Ұйымның жоғары сұранысқа ие екенінің айқын дәлелі. Менің пікірімше, ШЫҰ қазір әлемдегі ең табысты халықаралық ұйым», деді Мемлекет басшысы.