Әлем
1 мин оқу 1,370
Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтатуға келісті
<p style="text-align: justify;">Қырғызстан мен Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеттерінің басшылары Қамшыбек Ташиев пен Саймумин Ятимов атысты тоқтату туралы келісімге келді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қырғызстан ҰҚК шекара баспасөз қызметінің ресми хабарламасында атысты тоқтату уақыты көрсетілген.
«Қырғызстан мен Тәжікстан ҰҚК басшылары атысты сағат 16:00-де тоқтатуға келісті», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бүгін Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының бірнеше учаскесінде атыс болды. Екі тарапта да зардап шеккендер бар.
Бөлісу: