Елден 100 мың долларды заңсыз алып өтпек болған азаматша ұсталды
<p style="text-align: justify;">Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті декларацияланбаған валютаны заңсыз әкету фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ведомствоның баспасөз қызметіне <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/427051?lang=ru" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме </a>жасап.</p>
Түркияға бет алған Қазақстан азаматшасы 100 мыңға жуық АҚШ долларын елден алып өтпек болғаны анықталды. Жолаушының қолсөмкесінен кедендік декларациясы жоқ шетел валютасы табылды.
«Кінәліге 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Тәркіленген қаржы мемлекет кірісіне айналдырылды», делінген ведомство ақпаратында.