Спорт
1 мин оқу 180

Қазақстан әлем чемпионатының тағы бір медалін иеленді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстандық спортшылардың қоржынын еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков толықтырды. Ол осы күндері Белград кілемінде өтіп жатқан әлем чемпионатының қола медалі үшін күресті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.&nbsp;</span></p>

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем біріншілігінің үшінші орны үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық Пуэрто-Рикодан келген спортшы Этан Рамоспен күресіп, 10-0 нәтижесімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Бұған дейін, 2022 жылғы әлем чемпионатында грек-рим стилінің өкілі Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алған еді.

Ал әйелдер күресінен спортшы Жәмилә Бақбергенова 76 келіге дейінгі салмақта күміс медальға ие болды.

Бөлісу:
Қазақстан әлем чемпионатының тағы бір медалін иеленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар