Аймақтар
1 мин оқу 805

Қала күніне – қырық қазан палау

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қызылордада қала күніне орай өткен шаралардың түйіні &laquo;Сыр Ана&raquo; монументі маңайында ұйымдастырылған &laquo;Ауылым &ndash; берекенің ақ бесігі&raquo; атты этно кеш болды.</span></p>

Қала күніне – қырық қазан палау

Мұнда «Бауырсақ PARTY», «Шұбат – қымыз FEST», «Қауын – қарбыз FEST» атты фестивальдерімен қатар палаушылар сайысы ұйымдастырылды. Алаңда қатар қойылған 40 қазанда жергілікті аспаздардан бөлек Түркістан, Алматы, Ақтөбе облыстарынан келген палаушылар мерекелік шараға жиылған жұртқа дәм дайындады.

М

Ұйымдастырушылардың айтуынша сайысқа қатысуға 310 аспаз өтініш беріпті. Солардың ішінен 40 аспаз іріктеліп алынған. «Абай-Дәулет» компаниясының қолдауымен өтіп жатқан жарыс жеңімпазына 150 мың теңге мен марапат табысталады. Басқалар да құралақан қалмайды. Ал алаңда әзірленген палау тұрғындарға тегін таратылады.

М

Бөлісу:
Қала күніне – қырық қазан палау · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар