Спорт
1 мин оқу 202

Қазақстандық балуан Сербияда қола жүлдеге таласады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстандық балуан Әділ Оспанов осы күндері Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының қола медалі үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Алғашқы жекпе-жекте Оспанов Молдова өкілі Виталий Буничиді 4-1 есебімен жеңді. Турнирдегі екінші матчта қазақстандық былтырғы әлем чемпионатының қола жүлдегері қырғызстандық Әлібек Осмоновты 6-3 есебімен таң қалдырды. Алайда ширек финалда Оспанов ирандық Рахман Амузадхалилиге 2-13 есебімен есе жіберді.

Ирандық балуан финалға шығып, қазақстандыққа жұбаныш турнирінде таласуға мүмкіндік берді.

Енді Оспанов алдағы жекпе-жекте жеңіске жеткен жағдайда турнирдің қола медаліне үміткер бола алады.

Бөлісу:
Қазақстандық балуан Сербияда қола жүлдеге таласады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар