Хоккей
1 мин оқу 110

«Барыс» ҚХЛ маусымында үшінші жеңіске жетті

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстандық &laquo;Барыс&raquo; хоккей клубы өз алаңында Новосібірден келген &laquo;Сібір&raquo; командасымен ойнап, Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатының үй сериясында үшінші жеңіске жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Мұз иелері матчтың 4-ші минутында есепті ашты. Елордалық команданың мүшесі Линден Вей қонақтардың қателігін пайдаланып, шайба соқтырды.

Көп ұзамай «Барыс» өз басымдығын арттырып, қазақстандық жанкүйерлерді қуантты. Егор Петухов есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші және үшінші кезең өзгеріссіз өтті. Елордалық клубтың қорытынды жеңісі - 2:0.

Бұл жетістік «Барысқа» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 9-шы орыннан 6-шы орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

Қазақстандық хоккейшілер келесі жекпе-жекті 20 қыркүйекте Екатеринбургтен келген «Автомобилистпен» өз үйінде өткізеді.

Бөлісу:
«Барыс» ҚХЛ маусымында үшінші жеңіске жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар