Теннис
1 мин оқу 113

Еленаның оныншы финалы

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="font-size: 14.0pt;">Теннистен Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыба&shy;кина Словенияның Портороже қала&shy;сында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің финалына шықты.</span></p>

Еленаның оныншы финалы

Жерлесіміз халықаралық турнирдің жартылай финалында әлемнің 65-ракеткасы румыниялық Анна Богданмен кездесіп, екі сетке жалғасқан матчта 6:1, 6:1 есебімен ба­сым түсті. Е.Рыбакина финалда WTA рей­тин­гінде 82-орында тұрған 26 жастағы чехия­лық Катерина Синяковамен шеберлік байқасады. Екі теннисші бұған дейін кортта бір-бірімен алты мәрте кездесіп, оның төртеуінде Рыбакина ба­сымдық танытқан. Ал екі матчта чехиялық теннисші жеңіске жетті. Ең соңғы рет екі тен­нис­ші осы жылдың мамыр айында Мадридте ой­нап, Катерина Синякова жарақатына байланыс­ты матчты жалғастырудан бас тартқан болатын.

Айта кетейік, бұл – Елена Рыбакинаның жекелей сындағы оныншы финалы. Ол бұған дейін Wimbledon-2022 жарысында топ жарған болса, оның алдында 2019 жылы Румыниядағы, 2020 жылы Аустралиядағы турнирлерде бас жүлдені олжалаған. Сондай-ақ алты рет WTA санатындағы жарыстың финалисі атанған.

Бөлісу:
Еленаның оныншы финалы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар