Қазақстан
1 мин оқу 220

Елден көмір шығаруға уақытша тыйым салынды

<p style="text-align: justify;">Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлі көмірді елден тыс жерлерге автокөлікпен шығаруға шектеу енгізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ведомствоның баспасөз қызметіне <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/press/news/details/427585?lang=ru" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>

«Уақытша шектеу тұрғындар мен коммуналдық, әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату үшін шығарылған фактілердің анықталуына байланысты енгізіліп отыр», делінген министрлік ақпаратында.

Мұндағы басты мақсат – 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын болдырмау.

Министрліктің бұйрығы жергілікті көмір тиеу тұйықтары мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген.

Бөлісу:
Елден көмір шығаруға уақытша тыйым салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар