Қоғам
1 мин оқу 255

Алматыда студенттер жаппай төбелес ұйымдастырған

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студенттер жаппай төбелес ұйымдастырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әлеуметтік желіде тараған видеоролик бойынша «Атакент» көрме орталығының алдында жаппай төбелес болған. 

Қалалық полиция департаменті хабарлағандай, студенттер ойын-сауық орталығында оқуға түскендерін атап өткен. Төбелес салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

«Аталған факті ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Төбелеске қатысқандардың әрқайсысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталып, жауапкершілікке тартылады», деді Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев.

Бөлісу:
Алматыда студенттер жаппай төбелес ұйымдастырған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар