Президент
1 мин оқу 351

Президент Goldman Sachs банкінің директоры Эд Эмерсонмен кездесті

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың америкалық ірі компаниялардың басшыларымен кездесуі әлемдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі Goldman Sachs-тің мұнай және шикізат саудасы жөніндегі жаһандық басқарушы директоры Эд Эмерсоннан басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Әңгімелесу барысында Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта бұл банк «Астана» халықаралық қаржы орталығымен табысты ынтымақтастық орнатқан.

Сондай-ақ энергетика саласын дамытудың келешегі жөнінде де пікір алмасу болды.

Бөлісу:
Президент Goldman Sachs банкінің директоры Эд Эмерсонмен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар