Президент
1 мин оқу 513

Әділетті Қазақстан дарынды жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады - Президент

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Нью-Йорк қаласында шетелде тұратын әрі әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істеп жатқан 400 қазақстандықты біріктіретін Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Бейресми жағдайда өткен кездесуде Қазақстанда ІТ саласын дамыту перспективалары мен қазіргі әлемдік үрдістер талқыланды.

ж

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде Әділетті Қазақстан дарынды жастарға жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.

д

Сонымен қатар кездесуде Taskrabbit com компаниясының стратегия және даму жөніндегі жетекшісі Әсет Әбдуәлиев, DCVC компаниясының венчурлық инвесторы әрі директоры Анна Фокина, Google компаниясының инженер-программисі Арай Сабыржан және Booking com компаниясының менеджер-программисі Әлібек Датбаев сөз сөйледі. Олар Президентке шетелдік компаниялардағы жұмыстарынан алған әсерін айтып, отандық ІТ саласын одан әрі дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныс білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Nomads өкілдеріне табыс тілеп, олар еліміздің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
 
Бөлісу:
Әділетті Қазақстан дарынды жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады - Президент · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар