Қоғам
1 мин оқу 780

Ас тұзына тапсырыс көп

<p style="text-align: justify;">Индер ауданының аумағында ауқымды тұзды көл бар. &laquo;Indertuzcompany&raquo; ЖШС тұзды көлден жоғары сапалы ас тұзын өндіруді қолға алды.</p>

Ас тұзына тапсырыс көп

Серіктестіктің техникалық директоры Димат Туғанбайдың айтуынша, 2017 жылдан бері тех­никалық мақсатта қолданылатын тұз өндіріліп келеді. Қазір отандық кәсіпорында жергілікті 10 тұрғын жұмыспен қамтылған. Енді жыл соңына дейін тағы да жергілікті 60 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.   

– Біздің кәсіпорында ас тұзы стандартты әдіспен өңделеді. Отан­дық өнім жоғары сапалы, кристалдылығы 99,5 пайызды құ­рай­ды. Ас тұзы 1 килолық дор­баға салынады. Жаңа өнімді Қазақ­станның барлық өңіріндегі тұты­нушыға жіберу жоспарланып отыр. Өйткені йодталған табиғи минералдың адам денсаулығы үшін, нақтырақ айтсақ, жүрек, қан айналымы үшін маңызы зор. Біз ­айына 2 мың тонна ас тұзын өндіруді жоспарлап отырмыз. Қазір отандық тауардың құжат­тары әзірленіп жатыр. Сарап­та­мадан кейін ішкі нарыққа жөнел­те бас­таймыз, – дейді Димат Туғанбай.

Оның мәліметіне сүйенсек, кә­сіп­орында сағатына 20 тонна тұз өңделеді. Қазірдің өзінде Ре­сей Федерациясынан тапсырыс түсіпті.

Атырау облысы

Бөлісу:
Ас тұзына тапсырыс көп · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар