Білім
1 мин оқу 610

Атаулы сыйлық пен стипендияға конкурс жариялады

<p style="text-align: justify;">Ғылым және жоғары білім министр&shy;лі&shy;гінің Ғылым комитеті дәстүрлі ғылым саласындағы ізденіс кон&shy;кур&shy;сы&shy;ның басталғанын хабарлайды. Биыл гуманитарлық, жараты&shy;лыс&shy;та&shy;ну ғылымдары, педагогика және түр&shy;кология салаларында 6 сый&shy;лық бекі&shy;тіл&shy;ген. Сонымен бірге талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендиялар да бар.</p>

Атаулы сыйлық пен стипендияға конкурс жариялады

Ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдар мен ғылыми қыз­меткерлерді көтермелеу мақсатында жыл сайын Ғылым және жоғары білім ми­нистр­лігінің Ғылым комитеті сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар та­ғайындайды. Мемлекет үшін басым ба­ғыттарда іргелі немесе қолданбалы ғы­лы­ми-зерттеулер жүргізуге, ғылыми кадр­лар даяр­лау­ға белсенді атсалысқан зерт­теу­ші­лер осы марапатқа үміткер бола алады.

Сыйлықтар мен ғылыми стипендиялар конкурстық негізде келесі бағыттар бойынша тағайындалады:

– жаратылыстану ғылымдары сала­сындағы үздік ғылыми-зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық;

– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми-зерттеуі үшін Ш.Уәлиханов атындағы бір сыйлық;

– педагогика саласындағы үздiк ғылыми-зерттеуі мен жұмысы үшiн Ы.Алтынсарин атындағы бір сыйлық;

– түркология саласындағы аса зор же­тіс­тік­тері үшін Күлтегін атындағы бір сый­лық;

– жаратылыстану ғылымдары сала­сындағы үздік жұмысы үшін жас ға­лым­дар­ға арналған Д.А.Қонаев атындағы бір сыйлық;

– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға ар­налған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық;

– 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналған.

Қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген конкурстық өтінімдер 2022 жылғы 7 қазанға дейін тұрғылықты жері бойынша «Аза­мат­тарға арналған үкімет» мемлекеттік кор­по­рациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында қабылданады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атаулы сыйлық пен стипендияға конкурс жариялады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар