Оқиға
1 мин оқу 223

Қостанай облысында жол апатынан ер адам қаза тапты

<p>Оқиға бүгін сағат 7:40-та болған деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тас жолында ВАЗ-2107 автокөлігін басқарған 39 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан 42 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Skoda автокөлігімен соқтығысқан. ВАЗ-2107 жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», деп жазылған polisia.kz таратқан хабарламада.

Сондай-ақ екі жолаушы және Skoda көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Қостанай облысында жол апатынан ер адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар