Үкімет
1 мин оқу 290

Әлихан Смайылов БАӘ басылымдарының біріне сұхбат берді

<p style="text-align: justify;">Біріккен Араб Әмірліктеріне алғашқы ресми сапары аясында ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың &laquo;Әл-Иттихад&raquo;&nbsp;газетінде сұхбаты жарық көрді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

ҚР Премьер-Министрі екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттарына тоқталып, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың өсу қарқыны туралы айтты.

«Экономиканың түрлі секторларында өзара тиімді мүмкіндіктердің барын көріп отырмыз және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға екі елдің іскер топтарын ынталандыруға ниеттіміз», деді ол.

а

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Қазақстанның ұлтаралық келісімді нығайту және COVID-19 пандемиясының экономикалық салдарымен күрес жөніндегі қадамдары туралы айтып берді.

Айта кетейік, «Әл-Иттихад» - БАӘ-де араб тілінде күн сайын шығатын басылым. Таралымы 100 000 данадан асады. Алғашқы саны 1969 жылы шыққан, ал 1972 жылдан бастап күн сайын жарық көреді.

Бөлісу:
Әлихан Смайылов БАӘ басылымдарының біріне сұхбат берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар