Әлем
1 мин оқу 215
Грузияда қарулы адам банк тонамақ болған
<p style="text-align: justify;">Кутаисидегі Руставели көшесінде арнайы операция өтіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Rustavi 2 телеарнасының хабарлауынша, 20 қыркүйек күні «Грузия Банкіне» қарулы адам кірген. Оқиға кезінде банкте шамамен 10 адам болған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар әлі де ғимарат ішінде.
Грузия ІІМ-нің хабарлауынша, шабуыл туралы хабар түскен бойда полиция қызметкерлері оқиға орнын дереу қоршап алған.
«Жергілікті жерге жұмылдырылған құқық қорғау органдарының қызметкерлері барлық қажетті және шұғыл шараларды қабылдайды. Тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде», деп хабарлады Грузияның ішкі істер министрлігі.
Бөлісу: