Тараз қаласы маңына жасырылған қару-жарақ табылды
<p style="text-align: justify;">Жамбыл облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Тараз қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге қала маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған қапты тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
«Табылған қаптан екі Калашников автоматы, FBI8000 газ тапаншасы, жарық-шуылды граната, автоматтың оқжатарлары, пышақты мылтық, полиция каскасы, резеңке таяқ және әртүрлі калибрлі 200-ге жуық патрон алынды», деп жазылған ПД таратқан хабарламада.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-тің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.