Теннис
1 мин оқу 252

Жарайсың, Жібек!

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Жібек Құлам&shy;баева Италияда өткен ITF W25 тур&shy;нирінің жұптық бәсекесінде өнер көр&shy;&shy;сетіп, жарыс жеңімпазы атанды.</p>

Жарайсың, Жібек!

22 жастағы Ж.Құ­лам­баева Ита­лиядағы додада латвиялық Дарья Семе­нистаямен бірге жұп құрап, финалда қытайлық Джинг Лю мен босниялық Анита Вагнерді тізе бүк­тіріп, жарыстың бас жүлдесін олжалады. Бір сағаттан астам уақытқа жал­­ғасқан матч­та қазақ­стандық-латвиялық жұп екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Осы­лайша, Жібек биылғы маусымда ITF жарыс­тарындағы бесінші титулына қол жеткізді. Ол спорттық жолында жұптық сында барлығы 19 рет үздік шықты. Оған қоса, екі мәрте жекелей жарыстың чемпионы атанған.

Сондай-ақ қазақстандық жасөспірім теннис­шілер Әзербайжан астанасы – Бакуде өткен 14 және 16 жасқа дейінгілер арасындағы Tennis Europe додасында табысты өнер көрсетті. Атап айтқанда, Team Kazakhstan академиясының түлектері Демид Горбачев пен Мансұр Шәкен жұп­тық сында қарсылас шақ келтірмеді. Олар финалда ирандық Кираш Ханифи мен түркиялық Барук Сиваслиден айласын асырды – 6:2, 6:2.

Бөлісу:
Жарайсың, Жібек! · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар