Екі қазақстандық спортшы Әлем кубогына шақырту алды
<p style="text-align: justify;">Жәмила Бақбергенова мен Азамат Дәулетбеков еркін күрестен Әлем кубогында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы Қазақстанның күрес федерациясы өзінің <a href="https://www.instagram.com/p/Ciu6I0ZJssw/?hl=ru" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Instagram</a> парақшасында хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
10-11 желтоқсанда АҚШ-та еркін күрестен және әйелдер күресінен Әлем Кубогы өтеді. Әлем чемпионатының рейтингі бойынша бес үздік команда кубокқа жолдама алады. Алтыншы команда - Жұлдыздар тобы. Бұл топтың құрамын Біріккен күрес әлемі (UWW) шешеді.
Айта кетсек, чемпионаттың жүлде қоры 100 мың швейцар франкін құрайды. Бірінші орын алған команда ұтыстың 70%-ын, екінші команда 20%-ын, үшіншісі 10% алады.