Спорт
1 мин оқу 210

Рыбакина Токиода өткен ірі турнирде жеңіліс тапты

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина TORAY Pan Pacific Open турнирінде өзінің жалғыз разрядтағы бірінші матчында ұтылды. Токио кортына шыққан қазақстандық ресейлік Людмила Самсоновадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.sports.kz/news/elena-ryibakina-ustupila-rossiyanke-na-starte-turnira-v-tokio" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Sports.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>

Әлемнің 22-ші ракеткасы және Уимблдон-2022 жеңімпазы WTA рейтингінде 30-шы орынға ие болғагн ресейлік Людмила Самсоноваға қарсы ойнады.

1 сағат 27 минутқа созылған матч Самсонованың екі партиядағы жеңісімен аяқталды. Есеп - 6:2, 6:4. 

Келесі раундта Людмила Қытайдан келген Синьюй Ванмен күш сынасады.

Бөлісу:
Рыбакина Токиода өткен ірі турнирде жеңіліс тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар