Футбол
1 мин оқу 140

Екінші рет жеңіске жетті

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Ақтауда Әзербайжан футзалшылары&shy;мен жолдастық матч өткізген Қазақ&shy;стан құрамасы екінші ойында да жеңіс туын желбіретті.</p>

Екінші рет жеңіске жетті

Алғашқы кездесуде 5:3 есебімен басым түскен біздің жігіттер араға бір күн салып бауырлас елдің өкілдерімен қайта жолықты. Бұл жолы да жергілікті «Халық Арена» спорт кешеніне жиналған жанкүйерлер голдар шоуының куәсі болды. Аса тартыс­ты өткен кездесуде 11 гол соғылып, Рикардо Кака шәкірттері 6:5 нәти­жесімен қарсыластарын тізе бүктірді.

Екінші матчта Қазақстан құрамасы сапынан Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақба­лықов және Тайнан қос голдан соғып, дубль­дің авторлары атанды. Екі ойынды да жеңіс­пен аяқтаған ұлттық құрама футзалшылары енді әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің ойындарына дайындалады. Іріктеу бәсекелері 8 қазанда басталады.

Бөлісу:
Екінші рет жеңіске жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар