Кәсіпкерлер өнімдерін экспорттай алады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің БАӘ-ге сапары аясында еліміздің Сауда және интегра­­ция министрлігінің «Техникалық реттеу және мет­ро­­логия комитеті ҚазСтандарт» РМК өнімнің Парсы шығанағы елдерінің талаптарына сәйкестігін бағалау саласындағы Gulf TEC Certification кәсіпорнымен келісімге қол қойды.</p>

Бұл келісім БАӘ, Сауд Арабиясы, Қатар, Кувейт, Оман жеткізушілерінің тізіліміне қосу рәсімін айтарлықтай жеделдетуге, саудадағы техникалық кедергілерді алып тастауға және отандық өнім экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, 30-дан астам қазақстандық өндірушілер БАӘ-ге экспортты жүзеге асырады, олардың 9-ы – ресми тізілімге енгізілген тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер. Өндірушілер бүгінде елден шықпай-ақ Халал сертификатын ала алады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің БАӘ-ге сапары аясында Қазақстан БАӘ халықаралық аккредиттеу орталығынан Халал өнімдерін сертификаттауды жүргізуге «ҚазСтандартты» аккредиттеу туралы ресми құжат алды.