Жаңа заң жобасы қаралды
<p style="text-align: justify;">Сенатор Әли Бектаевтың төрағалығымен аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.</p>

Отырыста сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.
Заң жобасының негізгі мақсаты – қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында заманауи нормативтік-құқықтық базаны құру.
Осылайша, заң жобасы: агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту және цифрландыру бағдарламасын іске асыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыруды, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу мерзімдерін біріздендіруді және биоэтанолды қолдану аясын кеңейтуді көздейді.
Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.