Қазақстан
1 мин оқу 1,662

Президент сайлауы: Үміткерлерге қандай талап қойылады?

<p style="text-align: justify;">Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан Президенттігіне өз кандидатурасын ұсынатын үміткерлерге қойылатын талаптарды атады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Президент лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен, яғни 23 қыркүйектен басталып, 11 қазанда сағат 18:00-де аяқталуы тиіс», деді Константин Петров.

Конституцияда және сайлау туралы Конституциялық заңда кандидатқа келесі талаптар қойылады:

  • Қазақстан азаматтығы;
  • Соңғы 15 жылда Қазақстан аумағында тұру;
  • Жоғары білім;
  • Жасы 40-тан кем емес;
  • Белсенді сайлау құқығына ие болу;
  • Мемлекеттік қызметтегі немесе сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
  • Мемлекеттік тілді еркін меңгеру.

Константин Петров бүгінгі таңда сайлау жарнасының мөлшері 3 миллион теңгені құрайтынын қоса хабарлады. 

Бөлісу:
Президент сайлауы: Үміткерлерге қандай талап қойылады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар