Хоккей
1 мин оқу 325

Хоккейден Қазақстан құрамасы Кремль кубогына қатысады

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық хоккейшілер 15-18 желтоқсан аралығында Мәскеуде өтетін Кремль кубогы-2022 халықаралық турниріне шақыру алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Ресей хоккей федерациясының бірінші вице‑президенті және ХК СКА бас бапкері Роман Ротенберг хабарлады.

«Желтоқсан айында аңыздар паркінің аренасында өтетін хоккей турниріне 4 команда қатысады. Олар: Ресей, Беларусь және Қазақстан құрамалары», деді Роман Ротенберг.

Айта кетсек, Кремль кубогі 1967 жылдан бастап жыл сайын желтоқсанның екінші жартысында өткізіледі.

Кремль кубогының қазіргі жеңімпазы - Финляндия құрамасы.

Бөлісу:
Хоккейден Қазақстан құрамасы Кремль кубогына қатысады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар