Александр Бублик Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Мец қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінде ширек финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/pervyiy-nomer-kazahstana-vyishel-v-tretiy-krug-turnira-v-mettse">Sports.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
1/8 финалдық кездесуде қазақстандық теннисші фин спортшысы Эмиль Руусувуоримен (әлемнің 51-ракеткасы) ойнады. Екі сағат 14 минутқа созылған кездесу үш сетте 6:7, 6:4, 6:3 есебімен, қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.
Ойын барысында қазақстандық тиннисші 13 эйс жасап, алты ұпаймен қатарынан үш ойында жеңіске жетті.
Айта кетейік, қазақстандық қазіргі уақытта ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік бірыңғай рейтингінде 44-орында және осы турнирде жетінші орынға табан тіреді.