Әлем
1 мин оқу 150

Еурокомиссия басшысын еліне шақырды

<p class="1012" style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-отырысында Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөз жүргізіп, Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.</p>

Еурокомиссия басшысын еліне шақырды

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген стра­тегиялық әріптестікті дамыту перс­пективаларын талқылады. Қазақстан Президентінің 2021 жылғы қарашадағы Брюссельге ресми сапарының қоры­тын­дысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, энергетика және көлік-логистика салаларында жобаларды жүзеге асыру мәселелері қозғалды.

Еуропалық комиссияның басшысы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады.

Бөлісу:
Еурокомиссия басшысын еліне шақырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар