Астанадағы жәрмеңкеде Атырау және БҚО өнімдері ұсынылады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">24 және 25 қыркүйекте елордада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Екі өңір Астанаға 220 тонна өнім әкеледі деп күтілуде, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.</span></p>
Демалыс күндері өтетін жәрмеңкеде екі облыс 47-ден астам тауар түрін ұсынады. Аграршылар 220 тонна өнім тасымалдайды, оның ішінде: 90 тоннадан астам сиыр еті мен жылқы еті, 44 тонна балық, 17 тонна ұн мен макарон өнімдері, 15 тонна көкөніс, 10 тонна картоп, 10 тонна шұжық және консерві өнімдерінің түрлері, 5 тонна өсімдік майы, 5 тонна сүт өнімдері, 2 тонна жемістер мен жидектер, 36 мың дана жұмыртқа, сондай-ақ 21,7 тонна басқа да өнімдер бар.
Жәрмеңке қонақтары үшін концерттік бағдарлама дайындалды.
Айта кетсек, мұндай іс-шаралар ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде мұндағы тауарлардың бағасы нарықтық бағадан 10-20%-ға төмен болады.
Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбіде 13 қарашаға дейін өтеді. Өтетін орны: Тұран 48 мекенжайы бойынша орналасқан «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң.