Қазақстан
1 мин оқу 420

Мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">&laquo;Азаматтарға арналған үкімет&raquo; мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Енді Қазақстандағы 20 мамандандырылған ХҚКО сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін мемлекеттік қызметтер бойынша өтінімдерді қабылдайды, құжаттарды беру сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін жүргізіледі.

«Ақтөбе, Атырау, Орал, Ақтау және Қызылордада кезекші мамандандырылған ХҚКО келушілерді Астана уақыты бойынша сағат 10:00 - ден 14:00-ге дейін қабылдайды, құжаттарды 16:00-ге дейін беруге болады», делінген хабарламада.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жүргізуші куәлігін алу, көлік құралдарын тіркеу, сондай-ақ нөмірлік белгілерді беру бойынша қызметтер көрсетеді.

Қазақстандықтар мамандандырылған ХҚКО-ға кезекті «Мобильді ХҚКО» қосымшасы, eGov mobile, Egovkzbot2.0 Телеграмм-бот, eGov электрондық үкімет порталы арқылы алдын ала брондай алады.

Бөлісу:
Мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар