Ауа райы
1 мин оқу 140

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

<p style="text-align: justify;">Синоптиктардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республикада жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады деп күтілуде», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай ауданының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Қарағанды ​​облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай, Алматы облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар