Теннис
1 мин оқу 162

Бублик ATP 250 Metz турнирінің ширек финалына шықты

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жүлде қоры жарты миллион еуродан асатын Францияның Мец қаласында өткен хардтық турнирде жекелей сында үшінші айналымға шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда әлемнің 51-ракеткасы, Финляндия өкілі Эмиль Руусувуориден басым түсті. Жекпе-жек 2 сағат 14 минутқа созылып, отандасымыздың үш партиядағы жетістігімен аяқталды. Есеп - 6:7, 6:4, 6:3.

Қазір әлемдік рейтингте 44-ші орында тұрған Александр Бублик Мец турнирінің басында жас француз Эван Фурнесті 2,5 сағатта жеңді. Есеп - 5:7, 6:4, 7:6.

Енді Александр Бублик бүгін өтетін ширек финалда 19 жастағы Холгеро Рунемен кездеседі.

Бөлісу:
Бублик ATP 250 Metz турнирінің ширек финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар